Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаевтың...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауы туралы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Nur-Otan ірі саяси партиясынан қазіргі басшы Қасым-Жомарт Тоқаев үміткерлікке түскен еді. Енді жаңа Президент Жолдауында Елбасының жолын жалғастырып, жақын уақытта мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында, қоғам мен экономиканың өсуінде елеулі өзгерістер мен реформалар енгізетін тұрақты саясат ұстанатын ойы көрінді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасап, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енуді мақсат еткенін бәріміз білеміз. Осы аяда халықтың бейбіт, достастығын нығайту, жаһан және өңір деңгейіндегі мәртебесі мен абыройын арттыру, экономикалық әлеуетті күшейту, бұқара халықты бақытты да жырғаулы, тыныштықта өмір сүруі үшін жұмыс жүргізіліп келді.

Мемлекетті 30 жыл басқарған Президенттің ішкі, сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстан саяси және қоғамдық-экономикалық дағдарыстардан аман-сау, жан-жақты дамудың және ауыспалы уақыттың қиыншылықтарын басып өтіп, бүгінгі гүлдену мен дамуға қол жеткізді деп айтуға болады.

Халықаралық қатынастар, мемлекеттану, сыртқы саясат салаларын зерттеуші ретінде біздің қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаты, өңірлік ынтымақтастық, көршілес елдерге қатысты ұстанымы қалай болатыны және қалай іске асырылатынына жіті назар қойып отырмыз.

Жаңа Президенттің биыл өз халқына арнаған Жолдауына қарағанда, мемлекеттің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, елдің тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталғанның сыртында, бұрын мемлекет тарапынан азаматтарды әлеуметтік қолдау қызметі, жоғары оқу орындарындағы стипендиялар мөлшерін көбейту, сондай-ақ кедейліктің деңгейін төмендету, көп балалы аналарға жәрдемақыны молайту, жұмыс орындарын құру, халықтың бейбіт өмір сүру ортасын жасау секілді мәселелерге ерекше назар аударғанын байқауға болады.

Моңғолияның Ғылымдар академиясы, Халықаралық қатынастар институтының директоры, доктор Д.Золбоо.