Басты бетҚоғамӨскемен тұрғындарына...

Өскемен тұрғындарына сыртқа шығу қауіпті болып тұр

Устинка LIVE тілшілерінің хабарлауынша, қалада қоқыс полигоны 23 қыркүйектен бері өртеніп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы экология департаменті тұрғындардан далаға шықпауды сұрады.

Сарапшылар өртеніп жатқан қоқыс полигонының және тұрғын үй секторының санитарлық қорғау аймағы шекарасынан сынама алды. Нәтижесі ауадағы формальдегид 11 есе, күкіртсутектің мөлшері рұқсат етілген нормадан бес есе асып кеткенін көрсетті. Сондықтан Өскемен тұрғындарынан далаға шықпауды, терезелерді жабуды өтінді.

Ресми мәлімет бойынша, шамамен 1 гектар аумақ өртеніп кеткен, бірақ бұл — тек бет жағын есептегендегі көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, өрттің деңгейі 2-3 метр тереңдікте болған. Әзірге қанша қоқыстың өртеніп кеткені, Өскемен атмосферасына қандай зиян келгені анықталмады.