18-20 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы 63 елдің туризм саласы тоғысқан алаңға айналды. «Көрме» орталығында ТМД аумағында тұңғыш рет  Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының PATA Travel Mart 2019 көрмесі өтті.

PATA Travel Mart 2019
PATA Travel Mart 2019. Фото ұйымдастырушылардан

PTM 2019 көрмесін ҚР мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ» Азия-Тынық мұхиты туристік қауымдастығымен (Pacific Asian Travel Association — PATA) бірлесе ұйымдастырды.

Шара қатысушылары бұл көрменің жаңа байланыс пен қызметтік географияны кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Жаһан халқы үшін Қазақстан мен Орталық Азияның беймәлім сыры әлі көп. Қазақстан табиғаты мен тарихының шетелдік туристерді тартатындай әлеуеті зор. Шараға қатысушылар осыны ерекше атап өтті.  Мысалы, Филиппин туроператоры Арджун П.Шрофф (Shroff Travel компаниясы) Қазақстанды біраз уақыт бойы арнайы аралаған. Ол көрме басталғанға дейін бес күн бұрын Алматыда қаланың туристік әлеуетін бағамдау үшін арнайы болған. Кейін РТМ 2019 көрмесі аясында іскерлік кездесулерге қатысып, туризм саласындағы әріптестікті нығайту мақсатында Нұр-Сұлтанға барған.

PATA Travel Mart 2019
PATA Travel Mart 2019. Фото ұйымдастырушылардан

Шараның тағы бір қатысушысы БАӘ келген Авинаш Аднани берілген мүмкіндікке алғыс білдіріп, осы көрмеге қатысудан алған әсерін бөлісті.

Әлбетте, В2В кездесулер селлер үшін де, байер үшін де пайдалы. Мен екі күн ішінде 30-дан аса екіжақты кездесу өткіздім. Нұр-Сұлтанда ұсынылған алаң керемет екен. Осы үш күн ішінде өнімді келіссөздер жүргізуге жеткілікті уақыт берілгеніне қуаныштымын. Сіздердің астаналарыңыз ұнады. БАӘ өкілі ретінде мен отандастарымның Қазақстанға қуана келетінін айтқым келеді. Қазақстан виза жүйесін жеңілдетсе, араб елдерінен келетін туристер көбейеді, — деді ол.

PATA Travel Mart 2019
PATA Travel Mart 2019. Фото ұйымдастырушылардан

Қазақстандық компания өкілдері шетелдік байерлердің елімізге, мәдениетіміз, табиғатымыз бен тарихи құндылықтарымызға деген ықыласын атап өтті. Әрбір қазақстандық селлер осы үш күнде қызметін сатып алушылармен 80-ге жуық кездесу өткізді. Олардың арасында Ұлыбритания мен басқа да еуропалық елдер, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және Үндістан мемлекеті үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Араб елдерінен де қызығушылық бар.

Шетелдік селлерлер, әсіресе, этнографиялық турлар мен табиғи қорық ескерткіштеріне қызығып отыр. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірге жүзеге асыратын жаңа жоспарларымызды түздік,- деді GATS компаниясының бас директоры Ер-Әли Тілеуов.

ACT Kazakhstan компаниясының өкілі Диана Пак еліміздің шетелдік туристер үшін жаңа бағыт екенін атап өтті. Оның ойынша, туристер үшін табиғат, әдемі мекен, мәдениет, тарих, тағам — бәрі де қызық.

PATA Travel Mart 2019
PATA Travel Mart 2019

Түрлі жас ерекшелігіндегі туристер тобының жиі сұрайтын бағыттарын көрсете кетсем деймін. Мысалы, жастарға белсенді демалыс керек: трекингтер, шаңғы тебу, рафтинг және тағы басқалары. Ал 50-ден асқандар үшін тарих, мәдениет, гастрономиялық турлар қызық. Сондықтан біз түрлі мақсаттағы топтар үшін тартымды қызмет пакетін әзірлеуге тырысамыз, — деді Диана Пак.

Оған қоса, PTM 2019 аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен РАТА қауымдастығы арасында елдегі туристік индустрияны дамытуға бағытталған құжат – Қазақстанның қауымдастыққа мүшелігі жөнінде келісімге қол қойылды. Азия-Тынық мұхиты қауымдастығымен келісім елімізге туристік әлеуетті арттыру бойынша жаңа тетіктер түзуге, отандық туроператорларды сыртқы нарықта беделді етуге, көрші елдермен бірге трансшекаралық бағыттарды құрап, өңірге туристер ағынын арттыру үшін маркетинг бойынша күш біріктіруге көмектеседі.

PATA Travel Mart 2019
PATA Travel Mart 2019. Фото ұйымдастырушылардан

PTM 2019 аясында үш күнде «Travolution Азия форумы: технология күші», «Контент-маркетинг форумы: табыс тарихы мен контент құрудың эволюциясы», Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының «Басынан аяғына дейін: бізді тарих қалай байланыстырады?» тақырыбында жастар симпозиумы және тағы басқалары ұйымдастырылды. Қазақстанда  Tax free жүйесінің енгізілуіне орай медиа-брифинг өтті.

Көрме барысында «Кazakh Tourism» ҰК» АҚ түрлі ұйыммен келісімдер мен меморандумдар жасасты. Олар еліміздегі туризмнің әр саласын дамытуға ықпал етеді. Осындай құжаттардың бірі — Air Astana әуекомпаниясымен ортақ серіктестік жөнінде жасалған келісім. Capital Partners компаниясымен Tax free жүйесін дамытуда ортақ күш салуға уағдаласты. Бүкіләлемнің тревел-блогерлер қауымдастығы және А Luxury Travel Blog интернет басылымымен келісім жасалды. «Свердлов облысының туризмін дамыту орталығымен» саланы дамытуға бірге жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойылды.

Әлбетте, Қазақстан үшін туризм бағытындағы осындай ауқымдағы салалық көрме өткізу үлкен мәнге ие. Бұл әлем кеңістігіндегі еліміздің мәдени-экономикалық интеграцияға қадамы болып саналады. МСМ жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат атап өткендей, біз өзімізді ашық мемлекет ретінде танытамыз.

PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) — бейкоммерциялық мүшелік ассоциация. Ол — Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық авиакомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, 100-ден астам жасты, дүниежүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттеу және инновациялық іс-шарамен қамтамасыз етеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!