Басты бет Қоғам Көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

Көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

Автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды қабылдау 23 қыркүйек күні 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады.

Фото: Тengrinews.kz

Бүгін, 23 қыркүйек күні мәліметтер базасындағы техникалық ақауға байланысты тіркеу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

Құрметті автокөлік иелері! ҚР Ішкі істер министрлігі деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты 2019 жылдың 23 қыркүйегінде құжаттарды қабылдау мамандандырылған ХҚКО-да тіркеуге және қайта тіркеуге сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылды. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын, — деп мәлімдеді Мұрат Жұманбай Faceboоk желісінде.

Бұл қызмет осы аталған уақытта электрон үкімет порталында да қолжетімсіз болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version