Басты бет Қоғам Саусақ ізі және бет-келбет арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады

Саусақ ізі және бет-келбет арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады

Биометриялық база деректеріне тіркелген азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтерін алу үшін өзімен жеке куәлігін немесе ЭЦҚ алып жүру міндетті емес.

Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook-гі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, саусақ ізі мен бет-келбетті пайдаланатын «Биометрия» пилоттық жобасы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен egov.kz порталында жеке сәйкестендіру паролін сұрағанда қолдануға болады.

Биометриялық база деректеріне тіркелу үшін Нұр-Сұлтанның  EXPO аймағындағы Электрон қызмет орталығына жүгінуге болады, Алматыда Бостандық ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы тіркейді, Қызылордада Мұратбаев көшесі 2е, №1 бөлімде тіркелуге болады.

Департамент басшысы саусақ ізі мен бет-келбет арқылы ХҚКО-дағы барлық мемлекеттік қызметті және қоғамдық қол жеткізу орнынан мекенжай анықтамасы мен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы екі қызметті алуға болатынын айтады.

Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта биометриялық деректер базасына 14 мың 299 адам тіркелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version