Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Нұр-Сұлтан шенеуніктер қаласынан бизнес қаласына айналады»

Тимур Құлыбаев. Фото: Atameken.kz

Адам капиталы өскен сайын Нұр-Сұлтан ірі ғылыми және ағарту орталығына айналып келеді. Қалада 15 жоғары оқу орны бар. Студенттер шенеунік пен кәсіпкерлер қатарына қосылып жатыр. Нұр-Сұлтан бұған дейін шенеуніктер қаласы болса, енді кәсіпкерлер қаласына айналып барады. Соңғы жылдары қала мүлде өзгерген,- деді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер мен ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру жүйелерінің міндеттерін нақты тұжырымдауы керек.

Нұр-Cұлтанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дайындауға жылына 6 миллиард теңге бөлінеді. Қалада іскерлік және медициналық бизнесті дамытпақпыз. Сондықтан осы салалардың мамандарын дайындауымыз қажет, — деді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, бұл жұмыстарды ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігі мен Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп атқарып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *