Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» терминін қолданбауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» терминін қолданбауды тапсырды

Оның орнына "қандас" сөзін қолдану қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасына жазды.

Тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты «оралман» дегеннің орнына «қандас» терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» ұғымы жарасады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ашық деректерге сүйенсек, 25 жыл ішінде (1991 жылдан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін) Қазақстанға 957 764 оралман келді. Олардың ұрпақтарын, мемлекеттік қоныстандыру бағдарламасының көмегінсіз келгендерді есепке алсақ, 1 миллионнан астам адам елге оралды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version