Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күнде атқарған жұмыстарына видеошолу жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күнде атқарған жұмыстарына видеошолу жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша видеошолуды жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 12 маусымында Конституцияның 42-бабына сәйкес халыққа ант берді. Мемлекет басшысы ант берерде қолын Қазақстан Республикасы Конституциясына қойып, анттың Конституцияда белгіленген мәтінін оқыды:

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін, – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version