2019 жылы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленді

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсандағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.

Құжат бойынша 2019 жылы оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға және қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Үкіметтің қаулысымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына қарай және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.

Тиісті құжат алғаш ресми жарияланған уақытынан 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

ДереккөзZakon.kz