Вице-министр биыл көмір былтырғы бағадан өзгермегенін айтады.
Біз көмір бағасының көтерілмеуін бақылап отырмыз. Нұр-Сұлтанда Шұбаркөл көмірінің тоннасы — 11,400 теңге, Екібастұз көмірі — 9,500 теңге, Қаражыра көмірі — 11000-нан 13200 теңгеге дейін, Майкүбі көмірі — 12 200-ден 12 500-ге дейін, — деді Қайырбек Өскенбаев.
Оның айтуынша, көмір бағасы Қазақстанның барлық аймағында бірдей.
Бұл кесте апта министрге және Үкіметке апта сайын ұсынылады. Егер көмір стандарттарға және сапаға сәйкес келмесе, онда Сіз әкімдікке, Өнеркәсіп комитетіне және стандарттарды бекітетін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жүгінуге құқығыңыз бар, — деді Қайырбек Өскенбаев.