Басты бетҚоғамДариға Назарбаева...

Дариға Назарбаева жаңа міндетіне кірісті

Нұр-Сұлтанда Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысы өтіп жатыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі өткен кезден бері 16 жыл өтіп отыр. Сол сәтте қонақжай қазақ жері алғаш рет бейбітшіл, достық пейілді және жемісті конфессияаралық диалогты жүргізу үшін ашық алаңға айналған болатын. Қазақстанның Тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болды. Өткен жылдары Қазақстанның орасан зор ядролық қару арсеналынан бас тартуына бастамашы болған, бүкіл әлем мойындаған бітімгер, тәуелсіздік жылдары ішінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады. Оның конфессияаралық ашық диалог өткізу туралы идеясын сол сәтте барша әлем қызу қолдады. Содан бері Қазақстанның Тұңғыш президентінің стратегиялық салмақты әрі көреген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, — деді Дариға Назарбаева алғы сөзінде.

Парламент Сенатының төрағасының айтуынша, бүгінде ірі әлемдік конфессия басшыларының Нұр-Сұлтанда кездесуі ізгі дәстүрге айналды.

Отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі туралы талқыланады. Содан кейін 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар да айтылады.