Басты бетҚоғамМинистр Жанар...

Министр Жанар Хамитованың өліміне қатысты іске пікір білдірді

Ерлан Тұрғымбаев Үкімет кулуарында әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді.

Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлығыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайға байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі, — деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

16 қыркүйекте SuperStar.kz байқауының бұрынғы финалисі Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланды. Ол 30 жаста еді. Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобын құрды. Полиция «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» дерегі бойынша іс қозғады.