Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Есеп комитетінің төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын ала қорытындысы жөнінде баяндады.

Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Бұл қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.