Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest шарасына қатысуға шақырды

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт фестивалі Almaty Arena спорт кешені аймағында өтеді.

Алматы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов челенджді Нұр-Сұлтаннан қабылдағанын айтты.

Спорт шарасын өткізу екі күнге жоспарланған. Аяқталған соң челленджді Батыс Қазақстанның бір қаласына жолдаймыз, — деді Рүстем Байсейітов.

Almaty Urban Fest
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Баспасөз конференциясына қатысқан кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Спортпен айналысам деген жастардың бетінен қақпаймыз. Көше спорты түрлерін дамытуды қолдауға дайынбыз, — деді ол.

Almaty Urban Fest 2019 жылы 7 қыркүйекте таңғы сағат 10-да басталады.

Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді:

— Streetball 3*3 (2007-2004, 2003-2001, 2000-1996 жылы туған жігіттер мен 2003 жылы туған және одан үлкен қыздар),

— Workout (freestyle мен base wars),

— Armwrestling (қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ келі. Әйелдер: абсолют салмақ категориясы),

— Кәсіпқойлар арасында ролик тебу (агрессив инлайн),

— Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында самокаттан жарыс (кик скутер),

— Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында скейтбордтан жарыс,

— Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында ВМХ,

— BMX Freestyle Show,

— Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue).

8 қыркүйекте сағат 12.00 мен 19.00 арасында супер финалдар өтеді.

Жеңімпаздар 19.30-да марапатталып, концертке өтеді.

Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:

— WKF Каратэ бойынша топтық жаттығу мен көрсетілімдер,

— Repas Workshop-тан Graffiti пен Street art,

— Қалалық тақырыптық квест,

— Karaoke-Battle,

— Арт-инсталляция, спорт пен шығармашылық шеберлік кластары,

— балаларға арналған шаралар.