Басты бет Жаңалықтар Алматыда видеомониторинг жүйесіне қосымша 1000 камера орнатылады

Алматыда видеомониторинг жүйесіне қосымша 1000 камера орнатылады

2019 жылдың соңына дейін Алматының басты объектілеріне - 600, 2020 жылы 400 камера орнатылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен Алматы активінің отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеомониторинг жүйесі сараптама жасап, адам көп жиналатын орындарға мониторинг жүргізеді.

Оған қоса, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында 11 фронт-офист ашылады. Мұнда келушілерге Халыққа қызмет көрсету орталығындағыдай қызмет көрсетіледі. Биыл сел қаупін төмендету үшін Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендерінің бассейндеріне мониторинг жүргізетін 10 автоматтандырылған станцияның құрылысы басталды, — деп жазылған хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев сел қаупі бар нысандарға мониторинг жүргізетін станциялардың қондырғыларын жедел аяқтауды тапсырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version