Бақытжан Сағынтаев: Конституция еліміздің егемендігін нығайтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Конституцияның жаңа экономикалық форматқа көшуге мүмкіндік бергенін айтты. Сонымен бірге ол негізгі заңның 90-шы жылдардың басында күрделі экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздықты жеңуге үлес қосқанын атап өтті.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан — бүгінде қалыптасқан, әлемдік құрметке ие және сол құрметке әбден лайық мемлекет. Бұл — Конституция мен еліміздің даму векторының дұрыстығының айқын дәлелі, — деді қала әкімі.

Бақытжан Сағынтаев 1995 жылы саяси жүйенің мақсатты түрде жаңартылғанын атап өтті. Конституция қабылданғаннан кейін қоғамда үкіметтік емес ұйымдарды, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын, азаматтық сектор мен партияны дамытуға қолайлы жағдай жасалды. Елбасының бастамасы бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

Конституцияда барлық қазақстандықтың ортақ құндылығы нақты көрсетілген. Азаматтарды жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен кез келген басқа да белгілеріне қарай кемсітуге қатаң тыйым салу негізінде елімізде бүкіл халықтың татулығы, тұрақтылығы мен келісімі қамтамасыз етіліп отыр, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version