Асқар Мамин Президент Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Бердібек Сапарбаев баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Президент Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет екенін айтты.

Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек, — деді Асқар Мамин.

Асқар Мамин 7 қыркүйекке дейін Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын арнады.