Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде бейбіт митингілердің өтуіне рұқсат беріп, оған арнайы орын бөлу керек. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де жазды.
Бейбіт шерулер заң мен азаматтардың тыныштығын бұзуды мақсат етпесе, заңдағы белгіленген тәртіппен шеруді өткізуге рұқсат беріп, ол үшін арнайы орын бөлу қажет. Ол орындар қаланың шетінде болмауы тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, 10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтынын хабарланған еді.
2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.