Басты бет Жаңалықтар Бейсенбіде Қазақстанның 13 облысында күшті жел соғады

Бейсенбіде Қазақстанның 13 облысында күшті жел соғады

Циклон ықпалынан 29 тамызда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста нөсер жауып, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. 

Фото: Ibirzha.kz

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр, кей жерде нөсер жауады.

Түркістан облысында 23 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Атырау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Павлодар облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысында да дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысында жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version