Басты бет Жаңалықтар Жаңбыр мен дауыл. Сейсенбіде ауа райы құбылмалы болады

Жаңбыр мен дауыл. Сейсенбіде ауа райы құбылмалы болады

"Қазгидромет" мамандарының болжамы бойынша 13 тамыз күні еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Dutchnews.nl

Солтүстік Қазақстан облысында 23-28 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды. Қарағанды облысында 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады. Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Алматы облысында жел екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version