Басты бет Жаңалықтар 2 тамыздағы ауа райы: қай өңірлерде жел күшейеді?

2 тамыздағы ауа райы: қай өңірлерде жел күшейеді?

Тамыздың 2-сінде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте ғана жауын-шашын болмайды. 

Фото: Baikal24.ru

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version