Road show Astana Hub бағдарламасының бірінші ағымының қорытындысы бойынша IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Сингапурдың, Украинаның, Ресейдің, Ұлыбританияның және Қытайдың жетекші технопарктерімен және инновациялық компанияларымен 9 меморандумға қол қойды.
Технопарктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Roadshow Astana Hub — әлемдегі ірі технология көрмелеріне қазақстандық стартаптарды дайындау және жөнелту бағдарламасы. Жобаның басты мақсаты — отандық стартаптарды одан әрі масштабтау және шетелдік инвестицияларды тарту үшін сыртқы нарықтарда жылжыту.
Өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу Қазақстанның экожүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосады, бұл жобаларды өзара іс-қимыл және үйлестіру жолымен Қазақстанның инновация стартаптарын халықаралық аренада ілгерілетуге көмектеседі. Тараптар инвестициялық мәдениетті дамытуды танымал етуге және өңір мен әлемдік индустрия үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр, олар — акселерация мен инкубация бойынша бірлескен бағдарламаларға, белгілі бір салаларда стартаптар мен сарапшыларды алмасу бағдарламаларына қатысу және өткізу.
Еске сала кетейік, бағдарлама аясында бірінші лектің қатысушылары Киевте iForum, Сингапурда Echelon Asia Summit, Мәскеуде Startup Village, Минскіде EMERGE және Шанхайда Mobile World Congress көрмелерінде болды.
Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаның екінші легін іске қосу осы жылдың төртінші тоқсанына белгіленіп отыр. Конкурс комиссиясы келесі салаларда 9 стартап-жобаны іріктеп алды, олардың ішінде: киберқауіпсіздік, биотехнология, Smart City, қаржы технологиялары, көлік және логистика, толықтырылған шындық және онлайн-дүкен — маркетплейс бағыттарын дамыту. Жобаларды іріктеу кезінде басты критерий ретінде технология шешімінің, халықаралық нарыққа шығу стратегиясының, сонымен бірге бизнестің ауқымдылығы мен ағылшын тілін білу дағдылары бағаланады. Бағдарлама аясында екінші лектің қатысушылары Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt, Дубайдағы GITEX, Лиссабондағы WebSummit, Хельсинкидегі Slush Helsinki сияқты көрмелерге қатысуды көздеп отыр.
Айта кететін жағдай, тиімді және жемісті сапар үшін Astana Hub командасы стартап-жобаларға толық қолдау көрсетеді, оның ішінде стартап жоба өкілінің ұшып келуі және тұруы, вебинарлар мен оффлайн-консультациялар түрінде дайындық семинарларын ұйымдастыру, көрме стендін әзірлеу, сапар бағытын және потенциал инвесторлармен және инвестиция компанияларымен кездесулер жоспарын қалыптастыру бар.