Қазақстанда жаңадан ашылған шағын және орта бизнес нысандарының саны бір жылда 6,5% азайып, 44 700 болды. Бұл туралы Energyprom.kz зерттеушілері жария етті.

Мамандардың мәліметінше, жаңа бизнес нысандарының үлесі Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жалпы кәсіпкерлік субъектілерінің арасында 17,7%-тен 15,2%-ке азайған.

Шағын және орта бизнестің жаңа компанияларының ең көбі Алматыда тіркелген: 17 600 — былтырға қарағанда 19,7% көп.

Жаңа бизнес нысандарының саны бойынша Нұр-Сұлтан екінші орында: 4 700 нысан — былтырғы жартыжылдыққа қарағанда 49,6% аз. Бұдан кейінгі орында Алматы облысы тұр: 3 400 компания — 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 2,6% аз.

Инфографика бизнес

Шағын және орта бизнестің жаңа нысандарының ең көбі қонақүй және тамақтандыру қызметі сферасында — 1 200 кәсіпорын. Бұл — жалпы бизнес нысандарының 23%-і.

Қазақстанда жаңа бизнес нысандары ең көп ашылған салалардың алғашқы үштігіне сауда және көлік жөндеу, сонымен бірге электрмен, газбен, бумен қамту және кондициялау да кіреді.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Magda)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!