Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлау туралы жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлау туралы жауап берді

Тұңғыш Президент оппоненттер мен блогерлердің бұл туралы ұсынысын естігенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Келер мәслихат сайлауы Мәжіліс депутаттарын сайлау сияқты партия тізімі бойынша өтеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

Парламент сайлауын, басқа сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің мажоритар жүйесіне қайта көшуді ұсынған жекелеген оппоненттерді, блогерлерді естіп жатамыз. Мұндай сөзге жауап беру қажет. Мұндай сөзде негізді дәйек жоқ, әдеттегідей пайымдау ғана, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Nur Otan партиясы төрағасының айтуынша, көпшілік демократияның шамшырағы деп білетін Еуропада да мемлекеттердің 63%-і сайлауларды пропорционал жүйе бойынша өткізеді. Мажоритар жүйе бойынша өтетін сайлаулар көбіне партия жүйесі дамымаған, кез келген партиясы жеке тұлғаның төңірегіне топтасқан Азия елдеріне тән.

Сайлаулардың бәрі Конституциядағы мерзіміне сай өтеді. Бұл тақырыпты жабайықшы, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version