Басты бет Жаңалықтар Nur Otan 4 мүшесіне Мәжіліс депутаты мандатын берді

Nur Otan 4 мүшесіне Мәжіліс депутаты мандатын берді

Премьер-министрдің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Екібастұз әкімі және белгілі актер Парламент депутаты болды.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы. Фото: Elbasy.kz

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында 4 адамға Парламент Мәжілісі депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданды.

Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен саяси кеңес бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады партияның Тwitter-дегі ресми аккаунты.

Гүлшара Әбдіқалықова қазір — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. Нұрлан Әлімжанов — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Нұржан Әшімбетов — Екібастұз әкімі. Жұлдыз Омарбекова — Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version