Ольга Рыпакова 2008 жылғы Жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына (IAAF) сілтеме жасап хабарлады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің 2008 жылғы және 2012 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысушылардың допинг сынамасын жаңа әдістемемен қайта тексеруінің нәтижесінде Ресей спортшысы Татьяна Лебедеваның допингке қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды. Ол Бейжің Олимпиадасында екі күміс медаль жеңіп алған еді. Жеңілатлеттің бұл нәтижесі жойылды.

2008 жылғы Жазғы Олимпиада Ольга Рыпакова болса, үш қарғып секіруден төртінші орынды иеленген болатын. Бірақ үшінші орын алған грек спортшысы Хрисопия Деветцидің нәтижесі де допингке байланысты жойылғандықтан Олимпиаданың қола медалі Ольга Рыпаковаға бұйырды.

Татьяна Лебедева өзінің кінәсіз екенін екі жыл бойы дәлелдеуге тырысты. Ол CAS-қа апелляцияға шағымданды, бірақ шағымы қанағаттандырылмады. 2018 жылдың 5 қыркүйегінде Лебедева 2016 жылдың 2 қыркүйегінен бастап спорттан шеттетілді. Оның 2008 жылдың 18 тамызынан 2010 жылдың 17 тамызына дейінгі спорттағы барлық нәтижесі күшін жойды. Ресей спортшысы тыйым салынған заттарды қолданбағанын айтты, бірақ денесінен допинг табылғанын да жоққа шығармады. Енді оның күміс медалі Ольга Рыпаковаға беріледі.

IAAF сайты қазақстандық спортшыны 2008 жылғы Жазғы Олимпиаданың күміс медалі ретінде көрсетті және Татьяна Лебедева мен Хрисопия Деветци дисквалификацияланды.