Басты бет Жаңалықтар Президент елдегі экономика мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент елдегі экономика мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау қажет екенін айтты. Ол Үкімет, Президент Әкімшілігі мен сарапшылар қауымдастығына үйлесімді жұмыс істеуді тапсырды.

Ақордадағы отырыс. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада экономика мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте еліміздің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтің өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсыну қажет екенін және ол үшін Үкімет, Президент Әкімшілігі мен сарапшылар қауымдастығы үйлесімді жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар алда халықаралық нарықтағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау міндеті де тұр.

Президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттеменің толық орындалуына баса назар аудару қажет екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version