Басты бет Білім Жаңа оқу жылында мектептерде 3 миллионнан астам бала оқиды

Жаңа оқу жылында мектептерде 3 миллионнан астам бала оқиды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, биыл республикада 2016 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 мыңға көп.

Фото: Bilimdinews.kz

Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Ең маңызды бағыттар: оқулықтармен қамтамасыз ету, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері. 2018 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 279-ға көбейді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% мөлшерге жетті. Қабылданған шараларға қарамастан, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының, Түркістан мен Алматы облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарында кезек әлі де сақталуда, — деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мемлекеттік 49 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Оның 33-і жөнделіп бітті. Қалғанында жөндеу жұмысы тамыз айының соңына қарай аяқталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version