Алматыда қасапшыларға арналған дәріс өтті

Құрбан айт — мұсылмандардың қасиетті мерекесі. Бұл күні шамасы жеткен әр мұсылман баласы жылқыдан басқа төрт түлік малын сояды. Ауру немесе бір мүшесі кем мал сойылмайды. Бұл туралы Орталық мешіттің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Алматы бойынша өкілі Маратхан Чадаев қатысқан шарада айтылды.

Дәріске келген қасапшылар мал союдың шариғатқа сай тәсілін біліп, ойларында жүрген сауалға жауап та алды.

Шариғатта мал союдың өзіндік ережесі бар. Әр қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет, — деді бас имам Еркінбек қари Керімбекұлы.