Басты бетЖаңалықтарҚақтығыстан кейін...

Қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаевтың үйі қандай жағдайда?

Қырғызстан журналистерінің мәліметінше, 9 тамыз күні таңертең оқиға орнында баррикада да, милиция тұрақтары да болмаған. Беш-Күнгей мен Қой-Таш ауылдары арасында ұялы байланыс қалпына келтірілген. Бірақ интернет әлі нашар.

Резиденция төңірегін Алмазбек Атамбаевтың туыстары тазалап жатыр. Ғимаратқа кіреберісте арнайы жасақтың күйген көлігі тұр, қақпа қисайған, маңында ағаш үстелдер жатыр. Баспасөз орталығы болған киізүй дін аман.

Айналада үйілген тас, тікенді сым, патрон гильзалары жатыр. Алмазбек Атамбаевтың үйі аумағында барлығы 20-30 адам жүр.

Біз Алмазбек Атамбаевтың туыстарымыз. Мұнда ретке келтіру үшін, үйді күзету үшін келдік, — дейді бір жігіт.