Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы мәлімет берді.

Нұрлан Ноғаев тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы да баяндады.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін айтты. Сонымен бірге әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.