Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Мәулен Әшімбаев бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған еді. 2019 жылдың 29 маусымы күні бұл қызметке Бауыржан Байбек тағайындалды.