Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Елдегі қоғамдық-саяси жағдайлар мен азаматтық қоғам институттарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді, — деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Тұңғыш Президент Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті де қабылдады. Кездесуде Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның жаңғыру жоспарының іске асырылу барысы мен саяси ұйымның Арысты қалпына келтіру жұмысына қатысуы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Қайта ретке келтіру бағдарламасын жасап, оны партияның саяси кеңесі бюросының қарауына беруді тапсырды.