Аптап па, жаңбыр ма? Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Мамандардың болжамына қарағанда алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жауады.

Республиканың қалған аумағында Иран аудандарынан шыққан жылы ауа массаларына байланысты ауа температурасы жоғарылап, қайтадан қатты ыстық болады. Еліміз бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, дауылды жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Нөсер салдарынан Шығыс Қазақстан облысында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Сенбі — 27 шілде күні Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады, солтүстікте тұман түседі, оңтүстік пен солтүстікте жауын-шашын болмайды.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғады, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түседі, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында жел күшейеді, Қызылорда облысында дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өрт қаупі күшейеді.