27 шілдеде #TazaAlmaty экологиялық акциясының алғашқы кезеңі — Көкжайлау шатқалын тазартуды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастайды.
Челленджге қатысушылар шатқалға 5 шақырым соқпақпен көтеріліп, жол бойындағы қоқысты жинайды.
Акцияның мақсаты — мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.
Бүкіл қаланы қамтитын #TazaAlmaty акциясы аясында аудандардың ластанған аумақтары тазарады.