Басты бет Жаңалықтар Аптапты басатын жаңбырлы күндер келе жатыр

Аптапты басатын жаңбырлы күндер келе жатыр

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы үш тәулікте еліміздің батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде нөсер жауады.

Фото: Goodfon.ru

Алдағы үш тәулікте аптап аздап басылады. «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 25-27 шілде күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Алдағы күндері атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс, солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде нөсер жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашын болмайды, бірақ аптап біртіндеп бәсеңдейді, ауаның ең жоғары температурасы 33-40 градус шамасында болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version