Басты бет Жаңалықтар Оңтүстіктен басқа өңірлерде аптаптың беті қайтады

Оңтүстіктен басқа өңірлерде аптаптың беті қайтады

"Қазгидромет" мамандарының болжамына қарағанда еліміздің солтүстігіне Орал аудандарынан салқын және ылғал ауа түсе бастайды, кейін осы ауа ағыны басқа өңірлерге жылжиды.

Фото: Nov-pravda.ru

Алдағы күндері осы кезге дейін қалыптасқан ауа райы өзгереді. «Қазгидромет» синоптиктері 20-22 шілде күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Демалыс күндері барика алқабы қайта құрылып, Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфера фронттарымен бірге Орал аудандарынан салқын және ылғал ауа түсе бастайды. Атмосфера фронттарының оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжуымен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұрып, ыстық әлсірейді, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірақ күннің аптабы республиканың оңтүстік облыстарында әлі де сақталады, ауа температурасы бұрынғыдай 38-45 градус ыстық шамасында болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version