Басты бетЭкономикаҚазақстан экономикасына...

Қазақстан экономикасына жұмсалған инвестиция көлемі 17,5% өсті

2018 жылы еліміздің экономикасына 11 триллион 179 миллиард теңге қаражат жұмсалды, бұл 2017 жылғы деңгейден 17,5% жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Графика
Графика: ҚР ҰЭМ СК

2018 жылы машина, жабдық, көлік пен оның саймандарын алуға және оларды күрделі жөндеуге 3 триллион 597 миллиард 5 миллион теңге бағытталған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14,9% жоғары.

Графика
Графика: ҚР ҰЭМ СК

Инвестициялау үшін кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (40,2%), көлік және қоймалау (13%), жылжымайтын мүлік операциялары (12,6%) және өндеу өнеркәсібі (11,1%) басым салалар болып отыр.