Басты бет Жаңалықтар 24 шілдеде бірнеше облыста бұршақ жауады

24 шілдеде бірнеше облыста бұршақ жауады

Қазақстанда тағы да ауа райы құбылмалы болады. 24 шілдеде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, тұман түседі, жел күшейіп, дауыл тұрады. "Қазгидромет" мамандарының болжамына қарағанда оңтүстікте ғана күн ашық болады. 

Фото: Pixabay.com

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Павлодар, Ақмола облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, бұршақ жауады. Маңғыстау, Алматы, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында температура 43 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өрт қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version