Басты бетЖаңалықтарПрезидент Әкімшілігінде...

Президент Әкімшілігінде бірнеше кадр жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сонымен бірге Сатыбалды Бұршақов ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Айдын Құлсейітов ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Оған директор болып Талғат Қалиев тағайындалды.