Үкімет басшысы жаңа өнеркәсіп нысандарының құрылысымен танысып, салада жергілікті қамтуды, мұнай-газ машинасын жасауды дамыту және еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин әуелі Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытына барды, ол «Теңізшевройл» ЖШС қолға алған Болашақ кеңейту жобасы аясында салынып жатыр.
Зауытта жерасты коммуникациялары жүргізіліп, резервуарлар жөнделіп жатыр, құрастырмалы 23 модульдік эстакада орнатылған. Екі газ турбина генератор мен технология модулін құрастыру сәтті аяқталды. Зауыттың құрылыс алаңында 25 мердігер мен қосалқы мердігер ұйымы жұмыс істейді, жұмысқа 3300-ге жуық адам тартылған. Жоба 2022 жылы аяқталады.
ҚР Премьер-министрі сонымен қатар Қашаған кен орны мен D аралының үстінен ұшып, ондағы мұнай өндіру мен оны құбыр арқылы «Болашақ» зауытына ажыратып жеткізу жұмысымен танысты.
Жергілікті қамтуды дамыту, мұнай-газ машинасын жасау, ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша өткен кеңесте Үкімет басшысы өнеркәсіпте қазақстандық машина жасаушылардың өнімі толық пайдаланылмай отырғанын айтты.
Бұл жағдай пәрменді шараларды, әсіресе, жоба операторлары тарапынан қабылдауды талап етеді, — деді ҚР Премьер-министрі.
Асқар Мамин Үкімет машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы қабылдағанын айтты, онда машина жасау кәсіпорындарын салық бойынша және басқа да мәселелер бойынша қолдау және оларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету қарастырылған.
Атырау облысы жұмыс сапары барысында Премьер-министр Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнайды терең өңдеу кешенін, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын, «Полимер Продакшн», «АтырауМұнайМаш», Kazakhstan Petrochemical Industries Inc., Karabatan Utility Solutions, «Шеврон Мұнайгаз Инк» кәсіпорындарын, «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытын және түрлі маркалы оптика кабельдерін шығаратын зауытты аралады.