2019 жылы 3 маусымда сағат 10.00-де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып, алимент бойынша қарыз өтілі бар азаматтарға бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қазіргі уақытта 30-дан астам Нұр-Сұлтан кәсіпорны аталған шараға қатысуға дайын екенін білдірді.
Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азамат қатыса алады.