«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарында да 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола (35-38 градус), Алматы, Жамбыл (38-40 градус), Түркістан (40-44 градус), Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды (40 градус) облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы аптапқа Ирак пен Иран аумағынан үздіксіз жетіп жатқан ыстық әрі құрғақ ауа себеп екенін хабарлаған еді. Мамандар еліміздің батысында аптаптың беті қайтатынын болжады.