Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жақып Асанов Жоғарғы соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берді.
Жақып Асанов Азаматтық процестік кодексті одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайындығы мен жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде де баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтінішін мұқият әрі әділ қарау қажет екенін айтты. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыретін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.