Аталған үш қалада тұрғын үй ауданы құнының деңгейі 205 985 теңге/шаршы метр, 189 175 теңге/шаршы метр және 229 050 теңге/шаршы метр шамасында.

Павлодарда соңғы 6 айда баға 3,4% өскен, баспананың шаршы метрі 180 600 теңге болды. Ақтауда тұрғын үй 2,8% қымбаттаған, шаршы метрдің құны — 201 425 теңге. Қостанай мен Оралда баспананың орташа құны қаңтармен салыстырғанда 2,5% жоғарылады. Қостанайда пәтердің шаршы метрі 200 050 теңге тұрса, Оралда 189 275 теңге.

Алматыда баспана бағасы жылдың басынан 2,4% жоғарылады. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орташа есеппен 382 575 теңге тұрады.

Нұр-Сұлтанда маусым айында баспананың шаршы метрі 338 775 теңге болды, баға қаңтарға қарағанда 1,8% өсті.

Талдықорғанда да баға осынша шамаға артқан, бірақ баспананың шаршы метрі мұнда — 181 425 теңге.

Таразда баспананың шаршы метрі — 157 300 теңге, баға 1,2% өскен.

Ақмола облысының орталығында тұрғын үйдің шаршы метрі 197 875 теңге деп бағаланады, жылдың басынан бері баға 1,1% жоғарылаған.

Баспана бағасы Қарағандыда 0,8%, Семейде 0,6% көтерілген. Қарағандыда баға индексі — 204 225 теңге/шаршы метр, Семейде 171 925 теңге/шаршы метр.

Еліміздің үш қаласында баспана бағасы төмендеді: Ақтөбеде шаршы метр 2,6% (144 850 теңге), Қызылордада 2,7% (134 525 теңге), Атырауда 2,9% (253 575 теңге) арзандаған.