«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 25 м/с жел соғады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, Павлодар облысында 18 м/с жел соғады. Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Ақтөбе облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында сынап бағанасы 40-41 градусқа, Ақмола облысында 35-38 градусқа дейін жоғарылайды. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.