Басты бетЖаңалықтарАстана күніне...

Астана күніне орай велошеру өтті

Велошерудің мақсаты — бойдағы рухты шыңдап, жастардың спортқа деген белсенділігін арттыру. Велошеруге 100-ге жуық адам қатысты. Шара Мұхтар Әуезов алаңынан басталып, Ертістің оң жағалауына дейін жалғасты. Қатысушылар 4 шақырым жол жүріп өтті.

Бүгін мерекеге орай велошеру ұйымдастырылып отыр. Шараға мекеме қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде зейнет жасына жеткен қызметкеріміз де бар. Ұжымның белсенділігін арттыру үшін осындай шаралардың маңызы зор деп ойлаймын, — дейді №1 халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Гүлнар Керімханқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара алдағы уақытта да жалғасады.

Мен бала кезден бастап велоспортпен айналысамын. Жасым 62-ге келсе де, спортты жаныма серік етіп жүрміз. Жастарды осындай шараларға белсенді қатысуға шақырамын, — деді №1 халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Саниярбек Тәуірбекұлы.

Шара соңы Ертіс жағалауындағы мерекелік концертпен аяқталды.