Басты бетЖаңалықтарАрыстағы оқ-дәрі...

Арыстағы оқ-дәрі қоры қашан басқа жаққа көшіріледі?

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстан оқ-дәрі арсеналы қашан шығарылатынын айтты.

Арсеналды көшіру жөнінде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына берілген тапсырма бар. Екі апта ішінде оқ-дәріні көшіру жұмысы басталады. Қазір дайындық жұмысы жүріп жатыр. Резервтен қаражат қарастырылған, — деді Нұрлан Ермекбаев Сенат отырысында.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер талқыланды.

Еске салайық, 24 маусым күні Арыстағы әскери қоймаларда бірнеше жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, 400-ден астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, 80-нен астам адам ауруханаға жатты. Қаланың 40 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылысқа өрт қауіпсіздігін сақтамау, лауазымды тұлғалардың салғырттығы және тағы басқа жайттар себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

ДереккөзTengrinews.kz