Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады

Барлық жобаны комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды.

Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл соңына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал есімі аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлерін есте қалдыру мақсатында мәңгілік махаббат символына айналған Төлеген мен Қыз Жібектің қоладан жасалған композиясын жасау жоспарланған.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Орталық мемлекеттік музей алдындағы сақ дәуіріндегі аң стилінде айшықталған киелі хайуанаттардың петроглифтерден жасалған композициясын көрді. Композицияның негізі геоглиф-геометриялық пішіндегі өрнек, мұнда басты бағыттар бойынша гравюра арқылы жердегі шыңдардың фрагменттері бейнеленген.

Киелі аңдар бейнесіндегі көріністер Алтай тауынан Жетісу мен Сарыарқаға дейін жалғасып жатыр. Гравюраны жасау кезінде мыңдаған жылдар ішінде күннің көзінен опырылған патинді шың қалдықтары пайдаланылды. Енді әрібір алматылық пен қала қонақтары өткен бабаларымыздың тас арқылы болашақ ұрпаққа жолдаған арман-қиялы өрнектелген шығармашылығымен таныса алады. Ал екінші жағынан қала сыртына шығып, түпнұсқаны көруге деген қызығушылық туындайды, — деді жоба авторы Санжар Жұбанов.

Қала әкімі композиция алдына тиісті ақпараттық тақтайшалар орнатуды, гүлзарлардың орнына дала қызғалдақтарын отырғызуды атап өтті. Бұдан өзге, Бауыржан Байбек музей алдын абаттандыруды, құрғақ субұрқақ жасауды, көше жиһазын орнатуды және басқаларын тапсырды.