Басты бетЖаңалықтарЖазушылар одағы...

Жазушылар одағы Абайдың 175 жылдық мерейтойына белсене атсалысады — Ұлықбек Есдәулет

Абайдың 175 жылдығын мерекелеу Жазушылар одағының, қаламгерлердің күтіп жүрген қаулысы болатын. Мұның жай қаулы емес, Президент Жарлығы болып шыққанында үлкен мән бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтымыздың ұлы ақынын ұлағаттауда ерекше жанашырлығы, тілге, әдебиетке деген жанашырлығы, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген  ұлы құрметі деп білу керек. Бұл Жарлықта ғылыми-практикалық конференциялар, Абайдың шығармашылығына қатысты әлем жұртшылығының қызығушылығын арттыру, әлемге Абайдың қадір-қасиетін, жұмбағын түсіндіру сияқты үлкен мақсат тұр. Оның ар жағында бұрын кеткен олқылық-кемшіліктерді ескере отырып, Абай шығармаларын әлемнің жетекші тілдеріне аударуға көңіл бөлінуде, — деді Ұлықбек Есдәулет.

Жазушылар одағы басшысының сөзінше, бұл мерейтойға Қазақстан ақын-жазушылары да бір кісідей атсалыспақ.

Әрине, біздің бүкіл жазушылардың, ақындардың атасы — Абай. Біздің жазушылар Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына ана сүтімен сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге бір кісідей ат салысады. Абай оқуларын өткізу, зерттеу мақалаларын жазу, оның жүріп өткен жерлерімен сапарлау, ақынға байланысты шығармаларды сахналау, толыққанды дұрыс фильм түсіру және тағы басқа жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңадан поэтикалық қойылымдарды іске асыру, бүкіл балабақшадан бастап мектептерде Абай өлеңдерін жаттату, оның Қара сөздерінің мәнін ашып беру, басқа да көп іс шаралар жоспарланып отыр. Келесі жыл Түрксой бойынша немесе Қазақстан көлемінде  Абай жылы болып жарияланатыны анық, — деді Ұлықбек Есдәулет.

30 мамыр күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.